Енді Қазақстан аумағына кіру үшін шетелдіктерден коронавирус сынамасы сұралмайды

02.06.2020

Қазақстанға кіру үшін шетелдіктердің коронавирус сынамасынан өтуі енді міндетті емес. Бұл талап алынып тасталды. Сонымен қатар, емделу мақсатында келетіндерге де кіруге рұқсат етіледі. Растайтын құжаты болса жеткілікті.

Елімізде мемлекеттік шекарадан өту тәртібі өзгерді. Соның негізінде басқа мемлекетте оқитын қазақстандық студенттер визаларын ұзартуға, емтихан тапсыру мен ID-карталарын рәсімдеу үшін елден шығуларына болады.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу