Ұлыбританияда шекарадан өткенде ковид-төлқұжат талап етіледі
Ұлыбританияда халықаралық сапарлардан оралғандардан ковид-төлқұжат талап етілетін болады. Саяхатшылар елге кірерде телефонына орнатылған қосымшаны көрсетіп, вакцина қабылдағанын дәлелдеуі тиіс. Бұл жөнінде көлік министрі Грант Шаппс мәлімдеді.
Қазір бұл құжаттың әлем бойынша бір жүйеге енгізілуі үшін халықаралық деңгейде келіссөздер жүріп жатыр. Британиялықтардың АҚШ, Франция, Италия және Германияға емін-еркін кіріп шығуға мүмкіндік беретін ковид-төлқұжаттар 28 маусымнан бастап, қолданысқа енгізілуі мүмкін. Айта кетейік қазір елде 17 мамырға дейін шетелдік сапарларға шығуға тыйым салынған. Себепсіз шекара асқандар айыппұл төлейді.
Грант Шаппс, Ұлыбританияның көлік министрі:
Біз қазір Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің қосымшасын жетілдіріп жатырмыз. Оның ішінде вакцина алғандығы немесе ПТР-тест тапсырғандығы туралы ақпарат жазылатын болады. Сондай-ақ жуық арада қызыл, сары және жасыл түспен белгіленген елдердің тізімі жарияланады. Жасыл түсті мемлекеттерден оралғандар карантинге жатқызылмайтын болады.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Көшпенділер ойынына Жамбыл облысынан 22 спортшы барады
20.08.2026, 13:25
Экологиялық жауапкершілі – әр азаматтың міндеті
20.08.2026, 13:20
Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда
20.08.2026, 13:12
Қазақстан Еуразия көлік дәліздеріне инвестиция тартудан көш бастады
20.08.2026, 13:09
Алматыда мектеп автобустарын тексерді
20.08.2026, 13:06
Атырауда бір күнде 300-ден аса құқық бұзушылық анықталды
20.08.2026, 13:03
150 мың SMS жіберген алаяқтар ұсталды
20.08.2026, 13:00
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15