Тәуелсіздік алған жылдарден бері Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданында егін шаруашылығы ерекше дамыды. Қолда бар ескі техникамен жер өңдегендердің бүгінгі жағдайы мүлдем өзгеше. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында шаруалар әлемдегі ең соңғы үлгідегі техникаға қол жеткізген. Соның арқасында диқаншылық дамып, өнім экспорты артты.
20 жылдан бері трактор тізгіндеп келген Николай Дзядук биыл Америкада құрастырылған техниканы жүргізе бастады. Толық автоматтандырылған «Джон дир» кешені бір мезетте жерді жыртып, өңдеп, тұқым себеді. Бұрын көктемгі егістікте 10 адам жұмыс істесе, қазір осы техникамен шаруаның бәрін Николайдың бір өзі ғана тындырады.
Николай Дзядук, егін кешенінің операторы:
Спутник, GPS арқылы басқарылады. Міне қазір біз жүріп келе жатырмыз. Мен рульді ұстап отырған жоқпын. Трактор алдын ала беріген карта арқылы өзі жерді өңдеп, дән сеуіп келе жатыр. Менің міндетім тек кешенді бақылап қана отыру.
Бұл егін егетін кешенді серіктестік биыл 250 миллион теңгеге сатып алды. Жалпы соңғы екі-үш жылда шарушылықтың 80 пайыз техникасы жаңарған. Мұндай жетістікке мемлекеттің қолдауы арқылы қол жеткіздік, дейді серіктестік басшылары.
Бейбіт Айтбаев, ЖШС директорының орынбасары:
Мемлекеттен қолдау жаңа алған техникаға 25 пайыз инвестициялық субсидия береді. Алған тұқымымызға субсидия беріледі. Және де мынау минералдық тыңайтқыштарға субсидия 50 пайыз көлемінде алып отырған жайымыз бар.
Үржарлық егіншілер өткен жылы 81 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Биыл жер өңдейтін техника жаңарғандықтан, бұл меже еселене түспек. Жалпы соңғы үш жылда 4 миллиард 100 мың теңгеге барлығы 550 жаңа техника сатып әкелінді. Нәтиже жаман емес. Шаруалар жылда Қытайға шемішке, рапс пен сояны саудалап мол пайда тауып отыр. Оған қоса жүгері экспортын да көбейтіп келеді.
Ержан Жақып