«Оскар» киножүлдесін марапаттау рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оскар» киножүлдесін марапаттау рәсімі өтті

26.04.2021

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында «Оскар» киножүлдесін марапаттау салтанаты өтті. Жылдың «ең үздік фильмі» номинациясын «Көшпенділер жері» туындысы жеңіп алды. Оның режиссері Хлои Чжаоның еңбегі де марапатқа лайық деп танылды. Аталған фильмде басты рөлді сомдаған Фрэнсис Макдорманд «Үздік актриса» атанып, осымен үшінші «Оскарына» қол жеткізді. 83 жастағы Энтони Хопкинс те «Әке» кино картинасындағы рөлі үшін жоғары сыйлыққа ие болды. Жалпы биыл «алтын мүсінді» алғандар қатарында басқа нәсіл өкілдері көбірек кездеседі. Оған соңғы жылдары америкалық киноөнер академиясының ақ нәсілділерді көтермелейді деген сыни пікірлері себеп.


Хабарламаларға жазылу