Назарбаев пен Исекешев ұлттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады. Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Елбасына құқық қорғау саласын реформалаудың нәтижелерін айтты. Соның арқасында қылмыстық процес барысындағы құқық бұзушылық үштен бірге азайған. Сондай-ақ, биыл жалпы қылмыстар саны 13 пайызға төмендеген. Елбасы көрсеткішті әлі де жақсартып, кәсіпкерлер құқығын қорғауды, учаскелік полицияның рөлін арттыруды, кибер қауіпсіздікті дамытуды тапсырды. Одан бөлек, су тасқыны мен селден қорғау, өрт қауіпсіздігі және пандемиядан соң экономиканы көтеру керегін айтты. Ұлттық қауіпсіздіктің 2025 жылға дейінгі стратегиясы да қаралып, Қарулы Күштерді жетілдіру тетіктері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы:
Қарулы күштерді қамтамасыз ету ол тікелей қауіпсіздік кеңесіне байланысты. Ол оңай шаруа емес, үлкен қаражатты қажет етеді. Бірақ, барлық елдер сияқты бізде ондай қаражатты бөлуіміз керек. Екіншіден өзіміздің Қазақстанның ішіндегі қару-жарақ жасайтын мекемелердің, зауыттардың, фабрикалардың шаруасын қарауымыз керек. Көбірек өзімізде жасасақ, көбірек өзімізде ақша болады.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48