Коронавируспен күреске бөлінген ақшаның 60 млрд теңгесі мақсатсыз жұмсалған. Яғни, эпидемияға қарсы шараларға, шағын-орта бизнесті қолдауға, жұмыссыздықты тежеуге және әлеуметтік көмекке 680 млрд теңге берілген. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті соның 60 млрд теңгесінің жұмсалуынан заң бұзушылықтар анықтады. Кемшілік медициналық жабдықты сатып алу құны мен талабын сақтамау, үстемақы мен жәрдемақы төлеуде және құрылыс жұмыстарынан кеткен. Сол үшін 31 лауазымды тұлға әкімшілік, 481 адам тәртіптік жауапқа тартылды. Қылмыстық іс те қозғалды. Сонымен бірге есеп комитеті мен тексеру комиссиялары 2,1 трлн теңгеге, ал ішкі мемлекеттік аудит комитеті 1 трлн теңгеге әлі тексеріс жүргізеді.
Нысаналы Ығыл