Қазақ-өзбек кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтті

23.03.2017

Өзбекстанда өндірілетін өнімнің барлығы бүгін Астанада көрсетілді. Көрші елдің президенті Шавкат Мирзиеевтің сапары аясында екі ел кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтті.

Тәуелсіздік сарайында өткен жиын кезінде өзбек тауарларының көрмесі ұйымдастырылып, кәсіпкерлер сол жерде келіссөздер жүргізді. Құны 97 млн. АҚШ долларына тең 10 құжаттың қол қою рәсімі өтті. Екі ел кәсіпкерлері бұдан басқа да келіссөздерді бекемдеді.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу