Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «SKY Service» компаниясының жұмысы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «SKY Service» компаниясының жұмысы тоқтатылды

18.01.2019

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада «қолайсыз ауа райында ұшуға байланысты комитет әуе компаниядан азаматтық авиацияның ұшу өндірісі ережесін сақтауды талап етті» делінген. Ал, оқиға орнында кешеден бері жұмыс істеп жатқан мамандар апат себептерінің 3 нұсқасын айтты: техникалық ақауға, ұшқыштың қателігіне және ауа райының қолайсыздығына байланысты болуы мүмкін. Қазір ұшақтың «қара жәшігі» табылған, ондағы мәліметтер тексеріліп жатыр.

Нұрлан Жұмасұлтанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасының жетекшісі:

- Кеше қалың тұман болғанын көрдіңіздер. Тіпті, 150 метр жердегі жол көрінбеді. Сондықтан, оқиғаға қолайсыз ауа райы әсер еткен болуы мүмкін. Ұшқыш байланысқа соңғы рет сағат 16:05-те шыққан, ал, ұшақ 16:08-де құлаған. Қазір барлық құжаттарды жинап жатырмыз. Объективті бақылау құралдары жақсы сақталған, бұзылмаған. Біз бәрін тәркілеп алып жатырмыз. Оны тәуелсіз зерттеу ұйымдарына сараптамаға жібереміз. Бірақ, процесс ұзаққа созылуы мүмкін.

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу