Си Цзиньпин әлемдік билікте теңдікке шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Си Цзиньпин әлемдік билікте теңдікке шақырды

20.04.2021

Қытай төрағасы Си Цзиньпин әлемді басқаруда үстемдіктен бас тартуға шақырды.

Мұндай мәлімдемені ол Вашингтон мен Бейжің арасында адам құқықтарынан бастап, Қытайдың өзге елдерге экономикалық ықпалына дейінгі талай мәселе бойынша шиеленіс күшейгенде жасап отыр.

«Әлемнің болашағын барлық елдер бірге жасауы керек. Бір немесе бірнеше мемлекет ойлап тапқан ережелерді басқаларға күштеп қолдануға болмайды. Тең қарым-қатынас, өзара сенім мен құрмет халықаралық қатынастарда басымдыққа ие болуы керек», - дейді Қытай басшысы Боада ашылған Азия форумында.

Айта кетсек, жұма күні АҚШ президенті Джон Байден мен Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суга Вашингтонда кездесті. Онда екі лидер Гонконгтағы жағдай мен Шыңжаңдағы мұсылмандардың геноцидке ұшырауына алаңдаушылық білдірді. Алайда, Қытай бұл аймақтардың тұрғындарының құқығы тапталды деген мәліметтерді үнемі жоққа шығарып келеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу