Елбасы Ташкентте ҚХР төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ташкентте ҚХР төрағасымен кездесті

24.06.2016
Елбасы Ташкентте ҚХР төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Ташкентте өткен ШЫҰ аясында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары екі елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын қарастырып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар жайттар жөнінде пікір алмасты.

Си Цзиньпин Қазақстанның Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу