Қазақтың белгілі ақыны Есенғали Раушанов өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың белгілі ақыны Есенғали Раушанов өмірден өтті

18.04.2021

Қазақтың ақыны Есенғали Раушанов дүние салды. Ақынның қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев марқұмның отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Осыған өзгеше ақын Facebook-те Айт-Ман Нұржан деп қол қоятын Светқали Нұржан былай деп жоқтаса:

Уа, көшті!
Көшті деймін Есен ағам,
Сумиып қала барды көсе-ғалам...
Не айта алам, Көкмойнақ-жыр түн ішінде,
Кісінеп: «Ием қайда?» - десе маған?..
Талантты ақын Серік Ақсұңқар:
Терісіне тер сіңбей,
О да кетті мына жерді жерсінбей.
Біздің ел де қызық ел ғой, жүретін
Жетесізі-жетелісін теңсінбей! – деп күңіренді.

Есенғали Раушановты Әбіш Кекілбаев былай деп бағалаған екен:

«Жүрісі-тұрысы нар тайлақ сияқты болғанымен, бойында көш бастайтын көсем түйенің мінезі бар. Шаңырақ артсаң – шақпайтын, кебеже артсаң – сындырмайтын, тең артсаң – түсірмейтін, алтын артсаң да ауырсынбайтын қазақтың нағыз атанжілік ақыны».

Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ. Жаратқанның алдында бәріміз бірдейміз. Дегенмен ерек таланттардың тастап кететініне ішің ашиды...


Хабарламаларға жазылу