Фариза Оңғарсынова Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фариза Оңғарсынова Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленді

27.01.2014
Фариза Оңғарсынова Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленді
Халық ақыны, қоғам және мемлекет қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынова Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Фариза Оңғарсыновамен қоштасу рәсімі бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында өтті. Ақын 75 жасқа қараған шағында өмірден озды.
 
Ұлттық пантеон - Қазақстанның белгілі қоғам және мемлекеттік қайраткерлеріне арналған зират. 2013 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Ұлттық пантеонға алғашқы болып белгілі саяси қайраткер Орал Мұхамеджанов жерленген.

Хабарламаларға жазылу