Биыл елімізде 46 үй мен 67 жолды су басты
Ел территориясының 10 пайызын әлі қар басып жатыр. Алдағы күндері күн жылы болып, осы қар толассыз еритін жағдайда Елорда іргесіндегі Вячеславка су қоймасы арнасынан асады деген қауіп бар. Бұл өз кезегінде маңайдағы 42-ші разъез және Жібек жолы ауылдарына қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ, Атбасар қаласында су басу қаупі бар. Ол жерде төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары күні-түні күзетте тұр. Жалпы, биылғы көктемде елімізде 46 үй мен 67 автожолды су басқан. Сонымен бірге Түркістан облысында су бөгетін сапасыз жөндеу кесірінен 4 елді мекенді су ала жаздады.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:Алдағы 3 күнде Қазақстан территориясында күн жылынып, қар толассыз ериді деген болжам бар. Атбасар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында судың деңгейі жіті қадағалауда. Артынша келер апта күн күрт суымақ. Бұл қауіп қатерді кеміте түсері анық.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37