Бір әкеден тарағандар бір-біріне үйленуі мүмкін - Бекболат Тілеухан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір әкеден тарағандар бір-біріне үйленуі мүмкін - Бекболат Тілеухан

14.04.2021

Бір әкеден тарағандар бір біріне үйленуі мүмкін. Себебі Қазақстанда ұрық донорларына қатысты ешқандай шектеу жоқ. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан осы мәселені көтеріп, елімізде аталық және аналық ұрықтың бірыңғай базасын құру керек деп отыр. Сондай-ақ бір реттен артық донор болуға тыйым салуды ұсынды. Заң бойынша 35 жасқа дейінгі ер адам анонимді түрде донор бола алады. Дені сау, генетикалық сараптамасы жақсы болса, аталық ұрығын тапсыра алады. Қанша рет тапсырса да өз еркі. Анкетада жүзі, руы, бойы, салмағы, мамандығы көрсетіледі. Депутаттың айтуынша, жыл сайын тек бір ғана клиникада дәл осы жолмен 70 бала дүниеге келеді.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл – ертең еліміздің түкпір-түкпіріндегі 20 отбасыда бір әкеден тарайтын 20 ұл-қыз бойжетіп, ержетіп шығады деген сөз. Одан көп болуы да мүмкін. Бір әкеден тараған жандардың бір-біріне үйленуінің алдын алу үшін, ауру балалардың санын азайту үшін бұл мәселе өте маңызды деп ойлаймын.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу