Бекболат Тілеухан депутаттықтан кетті
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол Орталық сайлау комиссиясына жұмыстан босату туралы өтінішті өзі берген. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды. 3 шақырылымда депутаттық мандатқа ие болған Бекболат Тілеухан енді Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті қызметін атқарады. Мәжіліс Төрағасы Бекболат Қанайұлының жаңа жұмысына табыс тілеп, Алғыс хатты табыс етті.
Бекболат Тілеухан:
Сіздермен істеген осы бір кезең, осы Парламент қабырғасындағы өмірім өте бір сәтті кезеңім деп білемін. Енді қай жерде елге, мемлекетке пайдам көбірек тиеді, сол жерде болғанды міндет деп танығандықтан, өмірдің осы бір келесі кезеңіне қадам басып жатырмын. Біраз жұмыс істедік. Артық ауыз айтқан сөзім болса, жаза басқан жерім болса кейбір әріптестерімнен кешірім сұраймын.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
21.01.2026, 21:56
Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдап отыр
21.01.2026, 21:11
«Оң өзгерістер болашағымызға зор ықпалын тигізеді»
21.01.2026, 20:29
«Ұлттық цифрлық мұра» қоры әзірленбек
21.01.2026, 20:26
Ақтөбеде шаруалар малдың санына емес, сапасына көңіл бөле бастады
21.01.2026, 20:22
Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу
21.01.2026, 20:20
Бір палаталы Парламентке көшу - әлемдік тәжірибедегі тиімді модель
21.01.2026, 20:17
Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар
21.01.2026, 20:12