Бекболат Тілеухан: Білім мен бірлікті ту етсек, еліміз де дамиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекболат Тілеухан: Білім мен бірлікті ту етсек, еліміз де дамиды

07.11.2019

«Нұротандықтар» қазақстандықтарды татулыққа, бірлікке шақырды. Сонда ғана біз елдігімізді сақтап қана қоймай, биік белестерді бағындыра аламыз. Әсіресе, «атың шықпаса, жер өртенің» кебін киіп, халықты адастырып, айдап салатындардан сақ болуымыз керек. 

Күн сайын құбылып тұрған заманда елдігімізге қауіп төндіруі мүмкін жағдай да жетерлік. «Қарудың емес, сананың соғысында білім мен бірлікті ту етсек, сан миллион халқы бар елдермен қатар дами аламыз», - деді Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Сан жағынан біз оларға ешқашан жете алмаймыз. Ол үшін біздің сапамыз арту керек. Сапамыз артқан жағдайда ғана біз замана көшіне ілесе аламыз. Сондықтан да әрбіз қазақстандыққа, әрбір біздің елдің азаматтарына артылатын жүк ұрпақ алдында да, тарих алдында да ерекше.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу