Түркияда екі апталық қатаң локдаун басталды
Түркияда бүгіннен бастап екі апталық қатаң локдаун жарияланды. Бұған соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар қатарының күрт артуы себеп. Мәселен кеше бір тәулікте 60 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Қазір вирус жұқтырғандар саны бойынша Түркия әлемде жетінші орында тұр. Қатаң карантиндік шараларда қандай шектеулер енгізіледі? Ол туралы бізбен байланысқа шығып тұрған Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлынан білейік.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Түркияда бүгіннен бастап екі апталық қатаң локдаун жарияланды. Енді апта ішінде кешкі 7 мен таңғы 5 арасында, ал сенбі-жексенбі күндері мүлде көшеге шығуға болмайды. Барлық мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақыты таңғы он мен кешкі бес арасы болып бекітілді. Ал мектептерде аттестат алу емтиханын тапсыратын 8 бен 12-ші сыныптардан басқасы қашықтан оқуға көшеді. Сондай-ақ, вирус жұқтыру қаупі жоғары саналатын 65 жастан асқандар мен 18 жасқа дейінгілер қоғамдық көлікке міне алмайды. Бұдан бөлек қалааралық көлік қатынасына да шектеу қойылды.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:
Мақсатымыз екі апта ішінде вирус жұқтырғандар мен осы науқастан қаза тапқандар санын барынша азйту. Егер осы екі аптада бұл мәселеде мақсатымызға жете алмасақ, статистикада біз күткен нәтиже көрінбесе, амалсыз бұдан да қатаң шектеулер енгізуге мәжбүр боламыз. Сондықтан әрқайсымыз тазалық, маска мен арақашықтық сақтауды ұмытпайық.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Қазір елде вакциналау қарқынды жүріп жатыр. 60 жастан асқан азаматтар мен дәрігерлердің барлығына дерлік екпе салынды. Енді мемлекеттік қызметтегілер мен мұғалімдер де алып жатыр. Жалпы бүгінге дейін 19 млннан аса адамға вакцина егілген. Әзірге шекара жабу мәселесі көтерілген жоқ. Туристер ел аумағына 72 сағат бұрын тапсырылған ПТР анықтамасымен кіре алады.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті
25.10.2025, 18:01
Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды
25.10.2025, 17:33
Мәдениет және ақпарат саласы үздіктеріне мемлекеттік награда табысталды
25.10.2025, 17:32
Президенттің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
25.10.2025, 17:32
Н.Ахмедова Әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
25.10.2025, 17:30
Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі өтіп жатыр
25.10.2025, 17:30
Абай облысында жаңа саябақ ашылды
25.10.2025, 17:30
Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды
25.10.2025, 17:30