Тұрғындар жеке деректерінің ғаламторда тарап кеткеніне наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғындар жеке деректерінің ғаламторда тарап кеткеніне наразы

13.04.2021

Тұрғындар жеке деректерінің ғаламторда тарап кеткеніне наразы. Орталық коммуникациялар алаңында дербес деректер қауіпсіздігі туралы сөз болды. Көбіне азаматтар өздерінің жеке деректерін коммерциялық интернет ресурстардан тауып алады. Іздеу жүйесіне өзінің аты-жөнін жазған кезде өзі туралы ақпарат шығады. Оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні, туған жері, тіпті сот шешімдері де бар. Азаматтар өздерінің жеке деректерін қоғамдық орындарда, мессенджер чаттарында, меншік иелеріне ортақ әлеуметтік чаттарда таралуына шағымданды. Мәселен, WhatsApp чатында тұрғындардың жеке деректерін заңсыз таратқаны үшін Елорда тұрғын үй кешендерінің екі басқарушы ұйымына айыппұл салынған.

Серік Холдас, Компьютерлік инциденттерге әрекет ету орталығының директоры:
Өз есептік деректеріңізді сенімді парольді пайдаланыңыз. Ақшалай пайда ұсынатын қызметке тап болсаңыз бізге хабарлауыңызды сұраймыз. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу