Көшеде үлкен адамды соққыға жыққан жүргізуші жігітке іздеу жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшеде үлкен адамды соққыға жыққан жүргізуші жігітке іздеу жарияланды

18.05.2017

Әкесіндей үлкен адамды жас жігіттің ұрып-соғып жатқаны жазылған видео ғаламторда тарап, қазақстандықтардың жағасын ұстатты. Бұл оқиға Астананың Сарыарқа көшесінде болған. Мығым денелі жас жігіт егде жүргізушіні тоқтатып, бірнеше мәрте ауыр соққы жұмсаған. Ол аздай ішінен ұрып, есеңгіреп қалған үлкен кісіні аяғынан шалып құлатып, тайып тұрады. Жол үстіндегі қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бір анығы, екеуі де көлік жүргізуші. Полицияға арыз түспеген. Дегенмен, полиция видеодағы жүргізушілерді іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, оқиғаны кімнің түсіргені анықталуда. Оқиға куәгерлері табылып жатса, 102 нөміріне хабар беруін сұрайды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу