Президент Ұлттық экономика министрін қабылдады
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мемлекет басшысына есеп берді. Президентке бірінші тоқсандағы экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары, экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы баяндалды. Әсет Ерғалиев орта мерзімді перспективадағы экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудің жолдарын ұсынды.
Сондай-ақ, Президенттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмасының қалай орындалып жатқанын айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге бюджет саясатының тиімділігін арттыруға, өңірлік саясатты жетілдіруге және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ-2026: Германия жарыс жолынан шықты
30.06.2026, 10:09
Бельгияда қазақ мәдениетін терең танығысы келетін шетелдіктер көп
30.06.2026, 10:07
Мемлекеттік қызметшілер вайб-кодингті меңгере бастады
30.06.2026, 10:05
Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты
30.06.2026, 10:04
Анталияда орман өртенді
30.06.2026, 10:03
Венесуэлада жер сілкінісі құрбандарының саны 1700-ден асты
30.06.2026, 10:02
Әзербайжан мектептерінде телефон ұстауға тыйым салынды
30.06.2026, 10:02
АҚШ-та балалардың онлайн қауіпсіздігі туралы заң жобасы мақұлданды
30.06.2026, 10:00