Қарулы күштерде қысқы кезеңнің қорытынды емтиханы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарулы күштерде қысқы кезеңнің қорытынды емтиханы басталды

13.04.2021

Еліміздің қарулы күштерінде қысқы оқу кезеңінің қорытынды емтиханы басталды.

Сарбаздар тактикалық тұрғыда және атыс қаруларын қолдану, дене шынықтыру, әскери топография бойынша сынақтан өтіп жатыр. Бұл бақылау жауынгерлердің әлсіз тұстарын анықтауға көмектеседі. Сол арқылы даярлыққа қажетті шаралар легі әзірленеді.

 Айдар Мәдіхан, гвардия лейтенанты:
Осындай практикалық сабақтар көп болған сайын сарбаздар мен сержанттардың, офицерлердің дайындығы жоғары болуына сонымен қатар Отанға деген сүйіспеншілігінің бойларына сіңіруіне мен сенімдімін.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу