Қарулы Күштерде әскерлерді жедел тексеру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарулы Күштерде әскерлерді жедел тексеру басталды

03.09.2021

Қарулы Күштерде шұғыл тексеріс басталды. Десанттық-шабуылдау, әскери-теңіз және әскери-әуе күштеріндегі жауынгерлік әзірлікті пысықтау жүргізліп жатыр. Сарбаздарды елдің өзге өңірлеріне жіберуге бұйрық берілді. Яғни, олар техникаларымен бірге теміржол эшелондары, әскери-көлік авиациясы арқылы алысқа ұзап, оқу – жаттығу жасайды. Бұдан бөлек кейбір запастағы әскери міндеттілер де шақыртылып жатыр. Осылайша әскери оқытылған резервті жұмылдыру мүмкіндігіне көз жеткізілмек. Бұл Президенттің Жолдауында да айтылған болатын.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу