Павлодар облысында ауыл жастары құны 770 мың теңге болатын ішімдіктің көзін жойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында ауыл жастары құны 770 мың теңге болатын ішімдіктің көзін жойды

13.04.2021

Қасиетті Рамазан айы алдында Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округіндегі алкогольді ішімдіктер тегіс жойылды. Бұл шараға жастар мен жергілікті имам ұйытқы болды.

Зинат Тұманбаев, ауыл имамы:
Жалпы құны 677 150 теңге шараптың ақшасы есептелінді. Бұл заң жүзінде сертификаты бар дүкен. Сондықтан біз өтінішпен келіп отырмыз.

Бір мыңға тарта адам тұратын ауылда 5 дүкен бар. Олардын иелері сөредегі 770 мың теңгенің алкогольдік өнімдерін көлікке артып, арнайы орынға апарып жойып жіберді. Ең бастысы Ораза аяқталғаннан кейін де ауыл дүкендері спирттік ішімдіктерді сатпауға уағдаласты.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу