Шығыс Қазақстан облысында жылына 17 мың тонна қой және сиыр етін өндіретін ет комбинаты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында жылына 17 мың тонна қой және сиыр етін өндіретін ет комбинаты салынады

26.01.2016
Шығыс Қазақстан облысында жылына 17 мың тонна қой және сиыр етін өндіретін ет комбинаты салынады
Елімізде ауыл шаруашылығы саласы өрістеп келеді. Қытайдың ірі инвесторлары осы саладағы 19 жобаға инвестиция құймақ.

Қазақстандық «Еуразия агрохолдингі» мен Қытайдың «Rifa Holding Group» компаниясы арасында құны 7,9 миллиард теңге болатын жобаға қол қойылды. Енді Шығыс Қазақстан облысында жылына 17 мың тонна қой және сиыр етін өндіретін ет комбинатының іргетасы қаланбақ.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу