Сәуірде 2 млн-ға жуық адамға вакцина салынады - Цой - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәуірде 2 млн-ға жуық адамға вакцина салынады - Цой

12.04.2021
Сәуірде 2 млн-ға жуық адамға вакцина салынады - Цой

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірлердегі эпидемиологиялық ахуал туралы және өңірлерге қанша вакцина жеткізілгенін айтып берді. 

«1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Вакцина жеткізу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Ертең өңірлерге кезекті 300 мың доза жеткізіледі», — деді ол.

Министрдің айтуынша, сәуір айында қосымша 1,4 млн дозаны жеткізу жоспарланған.

«Бұл өз кезегінде сәуірде еліміздің 2 миллионға жуық адамын вакциналауға қолжетімдігін қамтамасыз етеді», — деді Алексей Цой.
вакцина Үкімет

Хабарламаларға жазылу