Қапшағайлықтарға наурыз айынан бері «Спутник V» вакцинасының 1100 дозасы салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағайлықтарға наурыз айынан бері «Спутник V» вакцинасының 1100 дозасы салынған

09.04.2021

Қапшағай қаласының тұрғындарына наурыз айынан бері ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1100 дозасы салынған. Шаһарда екпе егуге арналған 9 пункт ашылды. Қалаға қарайтын Шеңгелді, Арна мен Заречный елді мекендерінде вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Жалпы Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 25 мың адам қабылдады. Ал екінші компонентті 8 мыңнан астам адам салдырды. Екпе алғандардың 12 мыңы медицина қызметкері болса, 8 мыңға жуығы мұғалім. Сондай-ақ 2 мыңдай тәртіп сақшысы егілді. Өңірге әр апта сайын вакцинаның 25 мың дозасы жеткізіліп тұратын болды.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу