Елордада 118 мыңнан астам адам вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 118 мыңнан астам адам вакцина салдырды

05.05.2021

Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Бұл туралы қаланың бас мемелекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Айта кету керек, қала 2 айдан бері қызыл аймақта. Дегенмен, өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны 8,5 пайызға азайған. Қазір шаһарда халықты жаппай вакцинациялау жұмыстары ширап келеді. Қалада 100 егу пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар, жылжымалы кешендер тартылған. Бүгінгі таңда бас қалада 2 мыңнан астам адам отандық «QazVac» вакцинасын салдырған. Қосымша 6 мың доза бар. Осы айда 57 мың «Hayat-Vax» вакцинасы жеткізілмекші. «Спутник V» вакцинасының 350 мыңнан астам дозасы бар. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда елорда бойынша 118 мыңнан астам адам екпе алды.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу