Шымкент қаласына «Спутник V» вакцинасының 33 мың дозасы әкелінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласына «Спутник V» вакцинасының 33 мың дозасы әкелінді

04.06.2021

Шымкент қаласына «Спутник V» вакцинасы І компонентінің 33 мыңнан астам дозасы әкелінді. Препарат шаһарда жасақталған 40 егу пунктіне таратылып берілді. Жалпы осы кезге дейін мегаполиске «Спутник-V» вакцинасының 300 мыңға тарта вакцина жеткізілген. Сондай-ақ «QazCovid-In» вакцинасының 8 мың дозасы және «Hayat-Vax» вакцинасының 30 мың дозасы келген. Бүгінде Шымкентте екпе алу тиіс азаматтардың үштен бірі вирусқа қарсы вакцина қабылдап үлгерген.

Лаура Нақыпқызы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Жалпы Шымкент қаласындағы тұрғындардың салынуы тиіс азаматтардың ішінен бұл 178 мың адамға салынды дейміз ғой. Бұл 33 пайзыдан астам адамды құрап отыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу