Ақмола облысында жол апатынан бір отбасының үш адамы көз жұмды
Ақмола облысында жол апаты болып, үш адам көз жұмды. Бір адам ауыр жарақат алған. Қайғылы оқиға Атбасар ауданы аумағында Көкшетау-Атбасар тасжолында болды. Жолда үш көлік соқтығысқан. «Ваз» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан Газельге соғылған. Ал Газель қарсы жолаққа шығып кетіп, Фольксвагенді қағып кеткен. Апаттан осы Фольксвагеннің жүргізушісі мен 2 жолаушысы мерт болды. Олар - Полтавка ауылында тұратын бір отбасының мүшелері. Сондай-ақ, қақтығыстан Газель көлігінің газ құятын қондырғысы жарылған
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Бұл жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-інші бабы 4-інші бөлігі, яғни 2 және одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Алдын ала ақпарат бойынша жол апатына «Ваз» 2110 көлігінің жүргізуші себепкер.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12