Қарағандыда құрылысшылар бір-біріне кірпіш лақтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда құрылысшылар бір-біріне кірпіш лақтырған

08.04.2021

Қарағандыда тұрғын үй құрылысы алаңдарының бірінде жұмысшылар қақтығысып қалды. Олар бір-біріне кірпіш лақтырып, балағат сөздер айтқан. Кикілжің үйдің бетон плитасын қоюға байланысты туындаған. Полиция «бұзақылық» фактісі бойынша іс қозғады. Кінәлілерді анықтау, тергеу жұмыстары жалғасуда.

Руслан Нұрланұлы

қарағанды қақтығыс

Хабарламаларға жазылу