Ақтауда оқу-жаттығу снарядының жарылысынан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда оқу-жаттығу снарядының жарылысынан 2 адам қаза тапты

12.12.2018

Тағы бірнеше адам ауыр жарақат алған. Төтенше жағдай бойынша жауапты органдар әзірге сұхбат берген жоқ.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

- Оқиға дәл мен тұрған жерде, темір-терсек қабылдайтын базада болды. Қазір оның айналасын толық қоршап тастаған. Тәртіп сақшылары аумаққа ешкімді өткізбейді. Әзірге жарылыстың неден болғандығы жөнінде нақты ақпарат жоқ. Тек куәгерлердің сөзіне сенсек, кеше сағат 18.00-де базада оқу-жаттығу снаряды жарылған. Ол снарядты кім әкелді, қайдан әкелді, әзірге белгісіз. Жарылыстың салдарынан осы жерде жұмыс істейтін екі жігіт қаза тапты. Тағы 3 адам облыстық ауруханаға жеткізілген. Үшеуі де 30 ға толмаған жігіттер. Дәрігерлер олардың жағдайын «орташа ауыр», деп бағалап отыр.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу