Шығыс Қазақстанда шаруа қожалығының басшысы 65 жастағы әйелді құлдықта ұстаған. Ол Семей қаласының тұрғынын бастапқыда үй шаруасы бойынша жұмысқа шақырып, кейін мал бақтырып қойған. 3 айдың ішінде зейнеткер бірнеше рет қашуға әрекет жасағанымен, қайтадан қолға түсіп, соққыға жығылған. Қыста жоғалған малды іздеп жүріп қолы үсіп, еңбекке жарамсыз болып қалған соң зейнеткерді ауруханаға апарып тастаған. Дәрігерлерге оның саусақтарын кесіп тастауға тура келіпті. Полиция осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Құлдықтан құтқарылған әйел қазір арнайы әлеуметтік орталықта тұрып жатыр.
Галина Кочева, зейнеткер:
Мен құлдықта болғанда бірнеше рет қашпақшы болдым. Қожалық иесі маған бұзау баққызып қойдым. Мұндай жұмысты ешқашан істемеген едім. Бірақ соған қарамастан мені қара жұмысқа салды. Күн сайын бұзау мен қойларға жалғаз өзім 600-700 литр су да тасыдым.
Берік Көшербай