Петропавл көшесінің қақ ортасында тасжол опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл көшесінің қақ ортасында тасжол опырылып түсті

06.04.2021

Петропавлда көшенің қақ ортасындағы асфальт опырылып ортасына түсті. 

Қала тұрғындары түсіріп алған видеожазба әлеуметтік желілерде тарады. Апат кесірінен су құбыры жарылып кеткен. Оны жөндеген «Қызылжар су» коммуналдық мекемесінің жұмысшылары шұңқырды балшық араласқан қармен толтырған. Ал жауапты мекеме мамандары жұмыс талапқа сай атқарылғанын алға тартса, куәерлердің айтуынша, сапасыз асфальт қоқыс таситын жүк машинасын көтере алмаған. Апат салдарынан маңайдағы 11 көпқабатты үй сусыз қалды.

Валентина Воронина, қала тұрғыны:
Қоқыс таситын жүк машинасы кетіп бара жатқанда жол опырылып түсті. Кейін кран келіп, камаз шұңқырдан шығарылды. Түстен кейін жол жөнделіп жатқанын көрдім.

Эльмира Қалменова

Хабарламаларға жазылу