Өскеменнің қақ ортасында түлкі жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменнің қақ ортасында түлкі жүр

23.01.2020

Түз тағысы облыс орталығындағы гараж кооперативтерінің бірін мекен етіп алған. Сол маңдағы тұрғындар жабайы аңды тамақтандырып , қамқорлыққа алған. Бастапқыда адамдардан қорыққан түлкі гараж астынан қазып алған інге тығылған. Бірақ, кейін адамға үйреніп, қолдан тамақтанатын болған. Жалпы, қыс басталғаннан бері Өскемен қаласын бірлі жарымды дала аңдары паналап жүр. Желтоқсан айында облыс орталығына екі рет еліктер де кіріп кеткен. Қала тұрғындары адамдарға бауыр басып қалған түлкіні қаңғыбас иттер талап тастайма деп алаңдайды. Сондықтан түз тағысын жануарлар бағына табыстағысы келеді. 

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу