Атыраудағы Перетаска өзенінде балық қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы Перетаска өзенінде балық қырылды

05.12.2018

Аталған өзен аймақтағы Жылу электр орталығына техникалық су жеткізетін арнамен қосылған. Тексеріс нәтижесінде, жалпы салмағы 1 154 келі қара балық  механикалық зақымдану салдарынан қырылған. Болжам бойынша, балықтар су сорғысынан жарақат алуы мүмкін. Су мен топырақтан сынама алынды. Балықтың нақты неден қырылғаны зертхана қорытындысынан кейін белгілі болмақ.  

Ақмарал Каукенова, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы:

- Аталған факт бойынша, Атырау ІІД-ге тиісті құжаттар жолданды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізіліп, жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда біздің инспекция қызметкерлерінің тарапынан, Жайық-Каспий бассейніндегі балық қырылу және тұншығу қаупі бар су айдындарындағы барлық жұмыстар жүргізіліп, бақылауға алынды.   

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу