Еліміздегі балық шаруашылығын дамытудың арнайы тұжырымдамасы керек

27.02.2020

«Еліміздегі балық шаруашылығын жүйелі дамыту үшін арнайы тұжырымдама керек.» Атырау өңіріне іссапармен барған Үкімет басшысы Асқар Мамин осы саладағы қордаланған мәселелерді талқылап, жауаптыларға нақты тапсырма берді.  

Бекіре балығын өсіретін Атыраудағы екі кәсіпорын қайта жаңғыртылмақ. Зауыт жаңа технологияны игеріп, өнім көлемін арттыруы тиіс. Қазір бұл зауыттар Жайық-Каспий бассейніне жыл сайын 7 миллионнан астам шабақ жібереді.

Өңірдегі балық шаруашылын еселеу үшін Үкімет басшысы Жайық өзенінде балық аулау мерзімін ұзартуды және түнгі уақытта ау салуға рұқсат беру жөнінде ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Балықшыларды алаңдатқан өзге де мәселелер кеңінен талқыланды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу