АҚШ-та екпе қабылдағандар саны 100 млн-нан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та екпе қабылдағандар саны 100 млн-нан асты

02.04.2021

Ресей ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны оның мутацияланған түрлеріне бейімдеп шығаратын технология ойлап тапты. Жаңа штамм негізінде препараттың құрылымына өзгеріс енгзіледі. Оған небәрі екі күн ғана кетеді дейді мамандар. Ал жаңартылған екпені бірнеше кезеңнен тұратын сынақтан өткізу керек пе, жоқ па, әзірге белгісіз.

Ұлыбританияда вакцина қабылдаған 80 мен 96 жас аралығындағы қарттардың 98 пайызында коронавирусқа қарсы иммунитет түзілген. Бұл туралы Бирмингем университетінің ғалымдары хабарлады. Қарияларға Pfizer/BioNTech препаратының екі дозасы салынған. Айта кетсек, аталған вакцинаның тиімділігі 91 пайыз деп бағаланып отыр.

Ал АҚШ-та екпе қабылдағандар саны 100 миллионнан асты. Бұл – халықтың 30 пайызы. Жалпы науқан қарқынды жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, Америка президенті Джо Байден өзінің ел басқарудағы 100 күн ішінде 200 миллион адам вакцина алуы тиіс деді.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу