Ұлыбритания пандемияға байланысты тағы төрт елге саяхаттауға тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания пандемияға байланысты тағы төрт елге саяхаттауға тыйым салды

02.04.2021

Ұлыбритания пандемияға байланысты тағы төрт елге саяхаттауға тыйым салды. Олар: Бангладеш, Кения, Пәкістан және Филиппин аралдары. Жалпы қауіпті тізімде 39 мемлекет бар. Біріккен Корольдікте вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Бирмингем университеті ғалымдарының хабарлуынша, екпе қабылдаған 80-нен асқан қарттардың 98 пайызында антиденелер түзілген. Оларға тиімділігі 91 пайыз деп бағаланған Pfizer/BioNTech препараты салынды.

Ресей ғалымдары вакцинаны «ковидтің» мутацияланған түрлеріне бейімдеп шығаратын технология ойлап тапты. Жаңа штамм негізінде препараттың құрылымына өзгеріс енгзіледі. Оған небәрі екі күн ғана кетеді дейді мамандар. Ал жаңартылған екпені бірнеше кезеңнен тұратын сынақтан өткізу керек пе, жоқ па, әзірге белгісіз.

Ал АҚШ-та екпе қабылдағандар саны 100 миллионнан асты. Бұл – халықтың 30 пайызы. Жалпы науқан қарқынды жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, Америка президенті Джо Байден өзінің ел басқарудағы 100 күн ішінде 200 миллион адам вакцина алуы тиіс деді.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу