Қазақстан вакциналау бойынша әлемдік рейтингіде 42-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан вакциналау бойынша әлемдік рейтингіде 42-орында

25.06.2021

Вакцина алғандар саны бойынша Қазақстан халықаралық рейтингте 60-тан 42-ші орынға көтерілді. Екпе салдырғандар туралы Our World in data ғаламдық деректерінің ғылыми онлайн-басылымы жариялады. Еліміз осы санатта 18 орынға алға жылжыған. Екі компонентті толық алған тұрғындардың үлесі сәуірде 9,4%-ға жетті. Яғни, 1,79 млн адам. Науқан басталғалы әрбір оныншы қазақстандық екпе алып үлгерген.

Ал, 21-24 маусымдағы мәліметке сәйкес, вакцина алушылардың көшбасында Қытай тұр. Онда 223 миллионнан аса адам екпе салдырды. Алғашқы үштікте АҚШ та бар. Бұл елде екпе салдырғандар 150 миллионнан асады. Үшінші орында Үндістан, 51 миллионнан астам тұрғын вакциналанған. 

Хабарламаларға жазылу