Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 4 күннен бері рекорд жаңартып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 4 күннен бері рекорд жаңартып жатыр

18.10.2021

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны төрт күннен бері рекорд жаңартып жатыр. Сенбі-жексенбі күндері мұнда қауіпті инфекция 34300-ден астам адамнан табылды.

Ал ковидтен қаза тапқандар қатары болмашы ғана төмендеді. Соңғы статистикаға жүгінсек, 997 адам қайтыс болыпты. 


Ресей үкімет пандемияның қайта күшеюіне халықты вакциналау науқанының баяу жүруін кінәлап отыр. Ал елдің денсаулық сақтау министрі вируспен күресті күшейту үшін зейнетке шыққан немесе өзін-өзі оқшаулаған дәрігерлерді жұмысқа оралуға үндеп отыр.


Хабарламаларға жазылу