Теңге тағы әлсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге тағы әлсіреді

01.04.2021

Валюта бағамына тоқталсақ. Бүгін ұлттық ақшамыз долларға шаққанда тағы да үш теңгедей арзандады. Қор биржасындағы сауда нәтижесі мынадай. АҚШ ақшасы - 427, Еуро - 501, Рубль - 5 теңге 60 тиын.

Мұнай да қайта арзандап жатыр. Бірнеше күн бұрын ғана 66 доллардан сатылған бренттің баррелі қазір 62-ге түсті. Ал WTI-дің құны 59 доллар.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу