Мұнай арзандап, теңге әлсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай арзандап, теңге әлсіреді

22.01.2021

Бензин қымбаттап жатқанда, мұнай арзандап барады. Бүгін қара алтынның құны екі пайызға түсіп, баррелі 55 доллардан сатылып жатыр. Бағаның арзандауына әлем бойынша коронавирустың қайта өршуі себеп.  

Оның үстіне ең ірі импорттаушы Қытай шектеулерге байланысты қара алтын тұтынуды азайтып жатыр. Осыдан сұраныс төмендеген. Бұл теңгемізге кері әсер етуде. Бүгін теңге долларға шаққанда сәл арзандады. Қазір америкалық көк қағаз 419 теңгеге тең.  

Досжан Маратұлы  


Хабарламаларға жазылу