Қазақстанда доллар 400 теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда доллар 400 теңгеден асты

12.03.2020

Бұл - валюта нарығындағы жаңа рекорд. Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде 1 АҚШ доллары 400 теңге 50 тиынға саудаланып жатыр. Қазақстан қор биржасында да АҚШ валютасының құны қымбаттап, ресми курс 398,6 теңге болды. Сәрсенбідегі биржада доллар 395,10 теңге болып тіркелген. Осылайша бүгін ұлттық валюта 1 процентке жуық әлсіреді. Ал Ұлттық банктің 12 наурызға белгілеген ресми бағамы – 394,06 теңге.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу