Мұнай арзандап, теңге әлсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай арзандап, теңге әлсіреді

19.03.2021

Баррелі 70 доллардан асып қымбаттаған мұнай бағасы бірден 9 пайызға құлдырап кетті. Биржада қара алтынның осылай күрт арзандауы соңғы рет былтыр қыркүйекте тіркелген.

Қазір мұнай 63 доллардан саудаланып жатыр. Құнның қайта құлдырауына нарықтағы тұрақсыздық себеп. Әрі әлемдік экономиканың жақын арада қалыпқа келетініне инвесторлар күмәнмен қарап отыр. Вакцинаға қатысты туындап жатқан кейбір елдердегі мәселелер де бағаға кері әсер етуде. Содан болар ұлттық валютамыз да долларға шаққанда бүгін үш теңгедей арзандады. Қазір АҚШ ақшасы 421 теңге. Бірақ валюта айырбастау орындарында көк қағаз 422-423 теңгеге сатылып жатыр. 

Досжан Маратұлы



Хабарламаларға жазылу