Жұмыртқаның бағасы 33%-ке қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыртқаның бағасы 33%-ке қымбаттады

30.03.2021

Ақпанда бірінші категорияға жататын жұмыртқа құны бірден 3,6 %-ке өскен. Energyprom-ның дерегінше, базарлар мен дүкендерде 10 данасы 411 теңге тұрады. Жұмыртқа әсіресе Алматыда қымбаттаған – 474 теңге. Петропавлда он данасы 340 теңгеден саудаланып жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, елдегі ең ірі 34 құс фабрикасының 13-і жұмыртқа бағасын өзара келісіп қойып отырған. Оларға бағаны арзандату туралы ескерту жіберілді. Бағаның қымбаттауына құс тұмауының өршуі мен құс санының азаюы себеп дейді мамандар.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу