Нан бағасы бір айда 0,1% қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нан бағасы бір айда 0,1% қымбаттады

24.02.2021

Қазақстанда нанның бағасы бір айда 0,1%, бір жылда 5,7%-ке қымбаттады. Статистика бюросының ақпаратынша, әсіресе жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы биыл 10,3%-ке шарықтаған. «Әлеуметтік» нанның құны да бір жылда 3,7%-ке қымбаттады. Жалпы қаңтарда 45 мың тонна нан пісірілді. Оның 11 мың тоннадан астамы Түркістан облысында өндірілді. Алайда былтырғы жылдарға қарағанда Қазақстанда нан әлдеқайда аз өндірілген.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу