Кенесары хан мен Cыдық сұлтанның шын тарихы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенесары хан мен Cыдық сұлтанның шын тарихы жарық көрді

29.03.2021

Елордада Ахмет Кенесаринның қазақ тіліндегі «Насаб наме сұлтан Сыдық» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталған туындыны Ербол Алшынбай шағатай тілінен қазақшаға аударған. Тарихи деректерге сүйене отырып, Кенесары хан мен сұлтан Сыдықтың жорық жолдарының картасын сызды. Кітаптың алғы сөзін Берік Уәли, рецензиясын Жамбыл Артықбаев жазды. Аударма авторы «осы кітап Кенесары ханның жолын жалғастырып, көп жылдар бойы қолынан қаруын тастамаған Сыдық сұлтанның өмірі арқылы тарихи кезеңді тануға септеседі» деген пікірде. Кітап «Altyn Qyran Foundation» қорының демеушілігімен «Фолиант» баспасынан 2 мың данамен жарыққа шықты. 

Ербол Алшынбай, ақын:
Сұлтан Ахмет Сұлтан Сыдықтың аузынан жазып алған. Шағатай тілінен қазіргі қазақ жазуына тұңғыш рет түсіп отыр. 1992 жылы орыс тілінен аударылған нұсқасы болған.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу