Саран шахтасында өрт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саран шахтасында өрт болды

29.03.2021
0:00:00
0:00:00

Қарағандыда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Саран шахтасында өрт болды. Кеше күндіз кеніш аумағындағы технологиялық кешеннің конвейер лентасы мен ішкі ағаш қаптамасы жанған. Салдарынан 24 және 27 метр биіктіктегі 2 нысан құлады. Абырой болғанда, адам аман, жарақат алғандар жоқ. Жалын шарпыған аумақтың жалпы ауданы 350 шаршы метр. Қазір оттың неден тұтанғаны анықталуда.

Нұрлан Жақыпбаев, ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары:
Алдын ала болжам бойынша өрт таспалы конвейердің ақаулығынан шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Қауіпсіздік мақсатында шахта жұмысшылары өздігінен сыртқа шықты. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу