IV тоқсандағы оқу форматына қатысты бас санитардың қаулысы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IV тоқсандағы оқу форматына қатысты бас санитардың қаулысы шықты

26.03.2021

IV тоқсанда «жасыл» және «сары» аймақтағы мектеп оқушыларына маска тақпай-ақ, дәстүрлі форматта оқуға рұқсат берілді. Бір сыныптағы бала саны 25-тен аспауы тиіс. Ал «қызыл» аймақтағы өңірлерде жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныпқа дейінгі, халықаралық мектептердің 7-сыныпқа дейінгі оқушылары аралас оқыту форматында, маска тағу режимін қатаң сақтай отырып, білім алады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді. Мектептерде музыка, көркем еңбек, информатика сынды қосымша пәндер қашықтықтан оқытылады. Бірақ дене шынықтыру пәнін таза ауада өткізу қарастырылған. Оқушылардың ыңғайлы форма киюіне де еркіндік беріледі. Тәуекелі төмен және орташа аймақтарда асханалар өз жұмысын бастайды. Мектеп-интернаттар дәстүрлі оқыту форматына оралады. Оқу үлгерімі төмендеген балалармен жеке жұмыс істеу жалғасады.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта, сондықтан қазіргі қабылданған шешім бас қалаға таратылмайды. Әр мектепте санитарлық талаптарды сақтау бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу