ҰБТ-да 11-сыныптың IV тоқсандағы сабақтарының сұрағы болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-да 11-сыныптың IV тоқсандағы сабақтарының сұрағы болмайды

23.04.2020
ҰБТ-да 11-сыныптың IV тоқсандағы сабақтарының сұрағы болмайды

ҰБТ-да 11-сыныптың IV тоқсандағы сабақтарының сұрағы болмайды.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында осылай деді.

«Түлектерге IV тоқсанында оқылған сабақ тапсырмалары бойынша сұрақтар келмейді. Яғни, 5-сыныптан 11-сыныптың үш тоқсаны бойынша оқу бағдарламалары тест сұрақтарында қамтылады. ҰБТ өткізу бұрынғы форматта қала береді, алайда біз қосымша санитарлық шектеулер енгіземіз», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу